Ақтөбелік құтқарушылар жоғалған қойшыны тауып алды

Ақтөбелік құтқарушылар жоғалған қойшыны тауып алды

2022 жылғы 21 қараша күні 18 сағат 50 минутта Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі, Сорқұдық подхозы (аудан орталығынан 21 шақырым қашықтықта)  52 жастағы ер адамның мал іздеуге шығып қайта оралмағаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар бірден шығып жоғалған азаматты іздеуге кірісті. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 21 сағат 00 минутта адасқан азамат Сорқұдық подхозынан 3 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды.

Зардап шеккен жоқ, сол себепті медициналық көмекті қажет етпеді.

Бұдан басқа 2022 жылғы 21 қарашада сағат 11-ден бастап Абай ауданы Топар кентінің Шерубай-Нұра су қоймасының бойында ТЖД ОСО күшімен 2022 жылғы 21 қазанда балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1967 жылы туған азаматты іздестіру жүргізілуде. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Құрметті азаматтар!

ТЖМ қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!

                   ҚР ТЖМ баспасөз қызметі