
ТЖМ сақтық шараларын сақтауға кеңес береді
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
20 қараша Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында көктайғақ күтіледі. Актөбе қ.: 20 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.
20 қараша Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. 20 қарашада Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ. 20 қарашада түнде және таңертен тұман күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20-21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
20 қарашада Қарағанды облысында оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең 20 қарашада Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
20 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Түнде 20 қарашада солтүстігінде, шығысында Павлодар облысының жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с
20 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
20 қарашада Ұлытау облысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Жауын-шашынға байланысты көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.
Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға кеңес береміз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі