
18 қараша күні таңертең СҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспаловтан ақпарат келіп түсті. Ол Петропавл маңындағы Соленое көлінде бірнеше сұр аққудың тоңып, әлсіреп жылы жаққа ұшып кете алмағанын айтты.
Ол мұздың әлі берік еместігін айтып, бұл жағдайда құтқарушылардың көмегінің, арнайы құралдардың керек екендігін айтты. Бас құтқарушы Жұманов бастаған жедел-құтқару жасағының бір топ қызметкері дереу аққуға көмекке кетті. Оқиға орнына келген жасақ мамандары жағдайды барлай келе, көлдің ортасында, жағадан 500 метр қашықтықта жүрген аққуға арнайы құтқару тақтасымен жетуге шешім қабылдады. Бас құтқарушылар Рүстем Кожин мен Еділ Зікрин қатып тұрған суайдынының бетімен құтқару құралын алға жылжытып отырып аққуларға жетті.
«Аққудың біреуінің қашуға күші жетпей, мұз үстінде тұрды. Алдымен оны жағаға шығардық. Екінші аққу біз жақындаған кезде 200 метр жерге кетіп үлгерді. Бірақ оны ақырын құшақтап, жағаға алып шықтым. Сол жердегі мұздың қалыңдығы бізге қорықпай жүруге мүмкіндік берді», - деп Еділ құтқару операциясы туралы түсініктемесінде айтты.
Жалпы құтқару операциясы жарты сағаттан аз уақытты алды. Құтқарушылар құстарды сол сәтте жағалауда Олег Беспаловтың қолына тапсырды. Енді аққулар көктемге дейін қатпаған су қоймасында, 2 ЖЭО жылу арнасында жүзетін болды. Олар жер мен адамдардан бейбітшілік пен тыныштық энергиясы келетін жерде ғана орналасады деген бұрыннан келе жатқан сенім бар. Құстардың қалуы және құпия мағынасы болуы мүмкін. Кім біледі…
СҚО ТЖ департаментінің
Қоғаммен байланыс тобы