Қызылорда облысында 500 мыңға жуық адам үшін су тасқыны қаупі азайтылды

Қызылорда облысында 500 мыңға жуық адам үшін су тасқыны қаупі азайтылды

Юрий Ильин Қызылорда облысының халқымен кездесу кезінде өңірдегі су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы айтты.

Көксарай су реттегішінің құрылысы елді мекендерді жаппай су басудың алдын алуға және халықты қауіпсіздендіруге мүмкіндік берді.

Дегенмен, табиғи құбылыстар мен Сырдария өзенін болжау мүмкін емес және көктемде су тасқыны жағдайы  қиын болуы мүмкін.

Халықты су тасқыны қаупінен қорғау үшін Үкімет деңгейінде 2023 жылға жол картасы, ал жергілікті деңгейде - Даму жоспары мен жыл сайынғы су тасқынына қарсы жоспар қабылданды.

Соңғы деректер бойынша облыс бойынша барлығы 29 елді мекен су тасқыны аймағында орналасқан, қазір бес жүз мыңға жуық азамат (467 728 адам) тұратын 23 елді мекен үшін қауіп-қатерлер барынша азайтылды.

Осыған байланысты Министр жергілікті атқарушы органдардың жол картасын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету және көктем келгенге дейін су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу қажеттігін атап өтті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі