
ТЖМ басшысы Қызылорда облысының халқымен кездесуі барысында қыстың басталуына байланысты облысы тұрғындарына жүгінді.
Облыс бойынша үш жүзден астам түрлі техника мен жеті жүзге жуық адам дайындыққа келтірілді, 10 жылыту пункті және 3 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, сондай-ақ жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында автожолдарда ауа-райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы СМС-хабарламалар алдын ала жіберіледі.
«Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға жолға жиналған кезде жолдағы ауа-райының қолайлы екеніне көз жеткізіп, көліктің жол жүруге жарамдығын тексеруге кеңес беремін. Жолға шығар алдында «Дармен» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз, онда сіздің өңіріңіз бойынша ғана емес, еліміз бойынша да өзекті ақпарат орналастырылған.
Мен қысқы балық аулау кезеңінің басталуы алдында әуесқой балықшыларға қарапайым тыйым салу белгілерін елеп, мұздағы қарапайым қағидаларын сақтаңыздар», - деп Министр халыққа кеңес берді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі