ТЖМ басшысы «Қыс» республикалық оқу-жаттығуы өткізілетінін айтты

ТЖМ басшысы «Қыс» республикалық оқу-жаттығуы өткізілетінін айтты

ТЖ министрі Юрий Ильин Қызылорда облысының халқымен кездесуде қыс мезгіліне дайындыққа көңіл бөлді.

Өңір елдің батысы мен оңтүстігінің арасында орналасқан. Облыс арқылы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы өтеді, ал «Қызылорда – Жезқазған» жолы орталық бөлігімен қосады. Көбінесе қыста автомобиль жолдары қар құрсауында қалады.

Облыс бойынша жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайтын 4 қар басуы ықтимал учаске анықталды, бұл Арал ауданы (1) және Ұлытау облысы (3) бағытындағы жол учаскелері.

«Келесі аптада «Қыс» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Министрлік бөлімшелерінің, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күштері мен құралдарының қысқы кезеңнен өтуге дайындығы тексерілетін болады. Жергілікті атқарушы органдардан оқу жаттығу өткізуге дайын болуын сұраймын»,- деп ТЖМ басшысы хабарлады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі