Жолда қалып қойған Жуалылықтар табылды

Жолда қалып қойған Жуалылықтар табылды

2022 жылдың 15 қарашасында Жамбыл облысы ТЖ департаментіне Жуалы ауданы, Шымбұлақ ауылының үш тұрғыны (екеуі 1974 жылы туған және біреуі 1983 жылы туған) 18 сағат 05 минутта Шымбұлақ ауылынан 15 км шақырым қашықтықта тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға шығып, жолай ештеме көрінбейтіндей жағдай туындауы себепті жолдан адасып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Жоғалған адамдарды іздестіруге төрт өрт сөндіруші-құтқарушы, учаскелік полиция және бір жергілікті тұрғын жол талғамайтын "ТРЕКОЛ" көлігімен  шықты. Мезгілдің қою қараңғылығы мен боранның басталуы себепті ешнәрсе көрінбейтін жағдай туындағандықтан іздестіру жұмыстары келесі күнгі таңертеңгі мезгілге шегерілді. Ал 16 қараша күні таңертең жарықта іздестіру жұмыстары қайта басталып, сағат 10:35-те Шымбұлақ ауылынан қырық шақырым қашықтықта жоғалған адамдар табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құрметті азаматтар! Әрдайым ауа-райы болжамына назар аударып, қадағалауды ұмытпаңыздар. Қолайсыз ауа-райы кезінде жолға шығуды кейінге қалдырыңыздар. "Darmen" қосымшасын пайдалануға кеңес береміз.

 

                                          Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі