ТЖ қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін еске салады

ТЖ қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстағы  қауіпсіздік ережелерін еске салады

Жылыту маусымының басталуымен қала тұрғындарына электр жылытқыштары мен басқа да жылыту жүйелерін пайдалану ережелері ескертіледі. Көбінесе оларды пайдалану ережелерін бұзғандықтан өрттер пайда болады. Сондықтан Тайманов пен Сәрсенбаев көшелерімен өткен рейдтер барысында ТЖ инспекторлары пештерді, электр жылыту аспаптары мен электр және газ жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударады. Іс-шара "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

Кезекті профилактикалық рейд барысында инспекторлар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, пеш, газбен жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін еске салды. Сондай-ақ, ТЖ мамандары электр аспаптарын пайдалану тәртібін түсіндіріп, үй иелеріне анықталған өрт қауіпсіздігінің бұзушылықтарын атап өтіп, оларды қалай  түзетуге кеңес берді. Сондай-ақ, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етілді.

Айта кету керек, бұл профилактикалық рейдтер халықтың назарын өрт мәселелеріне аудару, оларды тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайда әрекет ету туралы хабардар ету, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін насихаттау мақсатында жүргізіледі.

Іс-шара барысында Тайманов көшесі бойынша №886 үйдің абонентінде газ бағанасында бұзушылық анықталды және бұзушылықтарды түзетуге дейін газ беруден ажыратылды.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы