
2022 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінің қатарына шақырылуына орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жастарды салтанатты түрде әскерге шығарып салуды ұйымдастырды. Абай облысы Семей қаласының № 68303 әскери бөліміне және Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының № 28237 әскери бөліміне 30 жас жігіт іріктелді.
Салтанатты іс-шараны өткізу кезінде жас әскери қызметшілер алдында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қ.Қ. Доспаев сөз сөйледі, онда бұл біз үшін мақтаныш пен абырой екенін, өйткені біздің әскери бөлімдерде сарбаздар Отанды қорғауға ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға қатыса алатынын атап өтті.
Сонымен қатар іс-шарада Отан қорғаушылардың ата-аналары, жақындары қатысты.
БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы