Кішкентай қыз құтқарылды

Кішкентай қыз құтқарылды

15 қараша күні 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Достық көшесі мекенжайы бойынша үйдің ішінен түтін шығып жатқаны туралы хабаралма келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жіберілді.

Шақырту орнына жеткен кезде есік кілттеніп, газ плитасында ас қалып, өшірілмегені туралы белгілі болып, пәтер ішінде  кішкентай бала қалғаны анықталды. Құтқарушылар күшімен есік ашылып, кішкентай қыз құтқарылды.

Қазіргі уақытта кішкентай қыз бала ата-анасымен бірге,  зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж етпеді.

Ақтөбе облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы