Түркістан облысының құтқарушылары адасып кеткен шопанға көмек көрсетті

Түркістан облысының құтқарушылары адасып кеткен шопанға көмек көрсетті

2022 жылғы 14 қарашада 1978 жылы туған азамат Ынталытал елді мекенінің Айырсай жайлауы Сауран ауданының Майдантал ауылында сағат 21:30-да хабар-ошарсыз кетті. Іздестіруге Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, Майдантал ауылдық округі әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар 15 қарашада сағат 13:15-те жоғалған азаматты жайлаудан 18 шақырым жерден тапты. Денсаулық жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті сапар алдында ауа-райымен танысуды ұсынады. Жақындарыңызға қозғалыс бағытын айтып кетіңіз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Байланыс құралдары, сондай-ақ батареяның жеткілікті заряды болуы керек. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Түркістан обласы ТЖД баспасөз қызметі