
Вице-министр Абай облысына сапары барысында өңірдің әкімімен, Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, 68303 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Жеке құраммен кездесу барысында ол азаматтық қорғау органдарының әлеуметтік қамсыздандырылуын жетілдіру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті.
Сонымен қатар вице-министр брифинг өткізді және азаматтық қорғау органдарының қызметіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс сапары соңында вице-министр өңірдің иелігіндегі, оның ішінде төтенше жағдайларды жою жұмыстарына пайдаланылатын техникаға күрделі жөндеу жүргізетін «Семей инжиниринг» АҚ және Қазақстанның машина жасауына үлкен үлес қосқан «СемАЗ» ЖШС компаниясына, сондай-ақ «Резерв» ШЖҚ РМК «Балқаш» филиалына барды.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі