Елордалық өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды

16 қарашада 10-43-те өрт сөндіру бөлімшелері Б.Момышұлы даңғылы, 14 бойынша пәтердің өртеніп жатқаны туралы кезекті шақыруға шықты.

Шақыру орнына дереу үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келіп, онда  он бес қабатты тұрғын үйдегі 11-қабаттағы 50 шаршы метр аумақтағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны, қатты түтін пайда болғаны анықталды. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кіріскен, өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болды. Елордалық өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресте өз өмірлерін қатерге тігіп, бес адамды құтқарды, оның ішінде бір бала және он адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде, олардың біреуі бала. Сондай-ақ, адамдарды құтқару кезінде зардап шеккен екі өрт сөндіруші күйікпен ауруханаға жеткізілді. Көмек сұраған айқайларды естігеннен кейін өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, жеделдік пен табандылық танытып, сол сәтте уақытында құтқарып үлгеруді ғана ойлап, жанып жатқан пәтерге кіріп, өз өмірлерін қатерге тігіп, балаларды құтқарды. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 26 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде үш адамнан тұратын апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және бір техникасы бар.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына жетуі бойынша үйдің ауласында тұрақталған автокөліктердің арқасында қиын болғанын атап өткіміз келеді. Өрт шыққан сәтте әр секунд есепке айналады, осыған байланысты құрметті автокөлік иелері кіреберіс жолдарды бөгемеңіздер!

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі