Трассалық медициналық-құтқару пункті бригадасы автобус жолаушыларын құтқарды

Трассалық медициналық-құтқару пункті бригадасы автобус жолаушыларын құтқарды

2022 жылғы 16 қарашада Байдалы би ауылының маңындағы Қызылорда - Павлодар автожолының 722 шақырымында шағын автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, 19 жолаушы болған автокөліктің аударылуына жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті.

Оқиға туралы дабыл Жаңаарқа ауданы ТЖБ Ұлытау облысының «Ақтүбек» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түсті.

Оқиға орнына дереу арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы барды.

ТМҚП бригадасы зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті. Зардап шеккен бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда авариялық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМСК) қызмет көрсетеді.

ТМҚП жұмысын вахталық әдіс бойынша тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыратын 5 қызметкерден (дәрігер, фельдшер, фельдшер диспетчер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы) тұратын бригадалар жүзеге асырады.

Жол бойындағы пункттер қажетті техникалық мүлікпен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, ал модульдік үй-жайлар мен реанимобильдер отандық өндірушілерден дайындалған және сатып алынған. Бұдан басқа, пункттер аумағында тікұшақ техникасын қонуға арналған орындар көзделген.

 

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ