ІІМ Қарағанды академиясында біліктілікті арттыру курстары аяқталды

ІІМ Қарағанды академиясында біліктілікті арттыру курстары аяқталды

Бүгін Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясында біліктілікті арттырудың 2 апталық курсы аяқталды. Оқуға ТЖМ аудандық және қалалық бөлімшелерінің 35 анықтаушысы қатысты.

Курстардың аяқталуына байланысты Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов шараға қатысып, тыңдаушыларға сертификат табыс етті. Сертификаттарды тапсыру рәсіміне дейін тыңдаушылармен анықтау саласындағы қызмет мәселелері талқыланды.

«Өрт туралы істер бойынша анықтау елдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет. Осыған байланысты білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінуі тиіс»,- деп атап өтті Марат Хасенов.

ІІМ Қарағанды академиясымен кадрларды қайта даярлау мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимыл жалғасатын болады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі