
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің қызметкерлері республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен «Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Азаматтық қорғау күштерін жетілдіру негізінен олардың құрамы мен құрылымын оңтайландыруға, оларға жүктелген міндеттерді шешуге дайындығын арттыруға, заманауи техникамен жарақтандыруға және жеке құрамды даярлауды жақсартуға сапалы жаңа тәсілдер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын азаматтық қорғау объектілік құралымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау бөлігінде азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларын құру қағидаларына кейбір өзгерістер енгізді.
Семинар-кеңес барысында осы жаңалықтар талқыланды, сондай-ақ азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарының құрамы мен жарақтандыру нормалары бойынша ұсыныстар енгізілді, өйткені бұл мәселе бүгінгі күні өзекті болып табылады.
Семинар-кеңестің соңында пікір алмасылды, онда ТЖМ шешетін міндеттердің өзектілігі тағы да атап өтілді.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті