
«Өңірдегі жағдай тұрақты. 2022 жылдың 10 айында бес жүзден астам төтенше жағдай тіркелді, бұл ретте қаза тапқандар саны 37% - ға азайды. Үш жүзге жуық азамат құтқарылды және эвакуацияланды», - деп есептік кездесу барысында ТЖМ басшысы атап өтті.
Жалпы, облыстық төтенше жағдайлар бөлімшесі төтенше жағдай орнына 3,5 мыңнан астам рет шықты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық.
Өткен және осы аптада жауын-шашынның көп түсуіне байланысты кейбір аудандар су басты. Министрліктің бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жою жұмыстарын, атап айтқанда жаңбыр суын бұру және сорып шығару жүргізіледі. Су басудың негізгі себебі – нөсер суын ағызу құрылғысы мен тұрғын үйлердің су қорғау белдеуі мен аймақтарында орналасуы проблемасы болып табылады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі