Қарағандылық құтқарушылар қысқы кезеңге дайындалуда

Қарағандылық құтқарушылар қысқы кезеңге дайындалуда

8 қарашада Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов және Қарағанды облысы Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нақыпбеков қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық және қауіпсіз жүріс-тұрыс шаралары бойынша брифинг өткізді.

Құтқарушылардың суық ауа райына қалай дайындалып жатқаны туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ақылбек Ахметжанов айтып берді. Өңірді қысқы кезеңге дайындау мақсатында Қарағанды облысы әкімінің өкіміне сәйкес облыстың азаматтық қорғау кіші жүйесі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Аталған өкіммен қысқы кезеңде халықты қорғау жөніндегі барлық шаралар кешені көзделген іс-шаралар жоспары бекітілді.

"Тәжірибеге сүйене отырып, облыстың автожолдарының ұзындығы 747 шақырым болатын 590 қарлы учаске күшейтілген бақылауға алынатын болады. Тікелей ТЖ Департаменті қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техниканы дайындады. Барлық жерүсті көліктері, вахталық автомобильдер белсенді тартылатын болады. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника ең қарлы бағыттар - Теміртау, Осакаровка, Қарқаралы, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бойынша таратылды", - деді спикер.

Азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайын. Алайда, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін азаматтардың өздері де қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды.

ТЖ департаменті халықты өте мұқият және жауапты болуға және өздеріне қауіп төндірмеуге шақырады. "Дауыл туралы ескертулерді жариялаған кезде алыс қашықтыққа барудан бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек. Сондай - ақ, ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүруден бас тарту ұсынылады", - деп Ақылбек Ахметжанов түсіндірді.

Сондай-ақ, дауылды ауа-райында ақаулы жүзу құралдарында және жеке құтқару құралдарынсыз суға шығуға тыйым салынады. Жақында су айдындарының бетіне мұз қатады. Әлсіз мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және көрімділігі нашар ауа-райы жағдайында шығуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, жабдықталмаған жерлерде көлікпен мұзға шығуға тыйым салынады.

Ересектер балаларға мұқият назар аударуы керек. Оларға қысқы кезеңнің қауіптілігін түсіндіріңіз. Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Сонымен қатар, температура төмендеген кезде тұрғындар жылыту құрылғылары мен пешті жылытуды белсенді қолданатындығын ескере отырып, өрт қаупі артады. Жылыту маусымының басынан бастап, 1 қазаннан бастап облыста тұрғын үй секторында 65 өрт тіркелді. Өртте 3 адам жарақат алды.

Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ департаменті ағымдағы жылы шамамен 233 мың адамды қамти отырып, тұрғын үй секторын 80 мыңнан астам аула аралау жүргізді, халықпен 792 жиын өткізілді, 220 мың үгіт-насихат материалдары әзірленді және таратылды.

Улы газбен улану салдарынан адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу үшін үйлері пешпен жылытылатын әлеуметтік осал топтағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдан бастап облыста барлығы 3378 датчик орнатылған. Бұл жұмыс Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен жүргізілуде.

ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау туралы ескертеді:

- электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау;

- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде ұстау;

- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу - бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;

- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбау ;

- тек жарамды пештерді пайдалану, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазарту;

- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;

-пешті қатты қыздырмаңыз;

- 2 қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі