Қызылордада өрт сөндірушілер аялдамасы пайдалануға берілді

Қызылордада өрт сөндірушілер аялдамасы пайдалануға берілді

Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді.

Бұл аялдама - Сыр құтқарушыларының креативті жобасы көптің ықыласына бөленіп те үлгерді.

Жаңа арт-жоба аялдама көпшілікке тек паналау мақсатында ғана қажет емес, сонымен бірге ақпараттық көмек ретінде де тиімді. Аялдамада қауіпсіздік ережелерімен, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарына қалай орналасуға болатыны туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Жобаның ор­на­ласқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлі­мінің жанындағы М. Саламатов көшесінің бойына орналасты.

Аталмыш аялдама қызмет бабында қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған «Отқа оранған өрендер» атты ескерткіші бар, көптеген кәсіби маманды даярлаған өрт сөндіру бөлімінің маңынан ашылып отыр. 

 

 

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі