2022 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді (жеке қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады 8/7232/257139, gdo_dchs_vko@emer.kz.
Кездесу ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында өтеді (Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 97/1, басталуы сағат 11:00-де).
Облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары да шараға онлайн түрде қатыса алады. Отырыстың трансляциясы ШҚО ТЖД-ның YouTube арнасында және shygysqaz_tjd Инстаграмм парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.