
Қарасу ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне улы газ дабылқаққыштарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың қараша айында Қарамырзы ауылдық округі әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында олар 8 улы газ детекторын жабдықтады. Жылыту маусымы басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдардың қаржылай қолдауымен барлығы 37 сигнализатор монтаждалды, сонымен қатар ауыл тұрғындарының үйлеріндегі 19 жылыту пештерінің түтін мұржалары тазартылды.
Әлеуметтік қорғау және полиция қызметтерімен өзара іс-қимыл шеңберінде құтқарушылар көпбалалы және қолайсыз отбасылардың, сондай-ақ әлеуметтік емес өмір салтын жүргізетіндердің тұрғылықты жерлері бойынша үнемі профилактикалық рейдтер жүргізеді. Тұрғындармен тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі: жылыту және электр құралдарын пайдалану, пешті жылыту кезінде ережелерді сақтау, электр сымдарына уақтылы қызмет көрсету, төсекте темекі шегудің қауіптілігі туралы.
Суық ауа райының басталуымен «тәуекел тобындағы» адамдардың үйлерінде өрттің пайда болу қаупі едәуір артады, өйткені олар әрдайым тұрғын үйді өрттен қорғауға тиісті көңіл бөле бермейді.
Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған жағдайда пешті жылыту, газ аспаптары, ескі электр сымдары, отпен абайламай жұмыс істеу - күзгі–қысқы кезеңде өрттің ықтимал көздері мен себептері болып табылады.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі