Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі

2022 жылғы 11 қарашада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді (жеке қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады 8/75233/58304, gdo_dchs_turk@emer.kz).

Кездесу 11 қараша күні «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтеді (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы,  басталуы сағат 11:00-де).

Түркістан облысының қалалары мен аудандарының тұрғындары да шараға онлайн түрде қатыса алады. Отырыстың трансляциясы қала және аудан әкімдіктерінің ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы қолжетімді болады. 

Сонымен қатар, кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Отырыс аяқталған соң Төтенше жағдайлар министрі брифинг өткізіп, Министрліктің қызметі туралы журналистердің сауалдарына жауап береді (журналистерді тіркеу 87763340423, 87071718788 нөмірі бойынша жүргізіледі).