2022 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ақмола облысының тұрғындарымен онлайн-форматта кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді.
Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қала кәсіпкерлері, еріктілер, ҮЕҰ, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, жұртшылық пен халық өкілдері қатысты.
Бірінші вице-министр министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және су тасқыны қатерлерінің, сел мен жер сілкіністерінің тәуекелдерін азайту, өрттердің алдын алу, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар кешені туралы айтып өтті.
«Өңірдегі жағдай тұрақты, есепті кезеңде қаза тапқандар саны 30,4%-ға азайды, 846 төтенше жағдай тіркелді. Жалпы 2511 шығу жүзеге асырылды, 167 адам құтқарылды және 307 адам эвакуацияланды, 5 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді», - деп бірінші вице-министр атап өтті.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі, қызметкерлердің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы саласындағы түрлі өзекті мәселелер қаралып, толық жауаптар берілді.
Азаматтарды жеке қабылдау кезінде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 3-курс курсантының анасы Самал Жақымова ТЖМ басшылығына алғыс білдірді.
Кездесу соңында бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев облыс департаментінің алдына халыққа азаматтық қорғау саласындағы мәселелерді түсіндіру және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы өткізу бойынша одан әрі жоспарлы жұмыс жүргізу қажеттігі туралы міндеттер қойды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі