
Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Балалар жылын жариялау туралы" 2022 жылғы 19 қаңтардағы 780 Жарлығы аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Жезқазған қаласының ТЖ Департаментінің қызметкерлері №2 «Айналайын» және №5 «Тамаша» балабақшаларында профилактикалық жұмыс жүргізу барысында, балалармен және тәрбиешілермен өрт қауіпсіздігі ережелері, балалардың отпен ойнауына және және балалардың терезеден құлау фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, өрт туындаған жағдайда мекемелердің қызметкерлерінің іс-әрекеті мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері пысықталып, жадынамалар таратылды.
Ұлытау облысының баспасөз қызметі