СҚО-да Астана қаласынан Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына бара жатқан автобустың 43 жолаушысы жылыту пунктінде жылынып тамақтандырылды

СҚО-да Астана қаласынан Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына бара жатқан автобустың 43 жолаушысы жылыту пунктінде жылынып тамақтандырылды

Ауа-райының нашарлауы солтүстік қазақстандықтарды таң қалдырмады. Алдағы  боран туралы ақпарат Петропавл қаласының, облыс аудандарының тұрғындары мен басқару органдарына, ұйымдардың басшыларына, оның ішінде SMS-хабарламалар және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы уақтылы жеткізілді.

5-6 қараша аралығында қардың көп түсуіне, көктайғаққа және нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» А-1 автожолы жабылды. Нәтижесінде «Астана-Екатеринбург» бағыты бойынша жүретін туристік автобус Келлеровка селосының маңындағы қозғалысын үзуге мәжбүр болды. Бірақ 43 жолаушысы, оның 7 бала  көмексіз және қолдаусыз қалған жоқ. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау және полиция органдарының қызметкерлері арасындағы тәжірибеде пысықталған өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, туристер Келлеровка селосының орта мектебінің базасында орналасқан жылыту пунктіне жедел жеткізіліп тамақтандырылды. Таңертең боран басылып, жол ашық болған кезде, біздің елдің қонақтары қонақжайлылық үшін шын жүректен алғыс білдіріп, туған жерлеріне қарай жүріп кетті.

Оларға сәтті оралуды, ал түнгі «операцияның» барлық қатысушыларына синоптиктердің айтуынша, алдағы қиын қыста алаңдатарлық сапарлар аз болсын деп тілейміз.

 

         СҚО ТЖД баспасөз қызметі