26 ақпанда оқу-жаттығуды басқару штабында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильиннің төрағалығымен «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Кеңес жұмысына орталық атқарушы органдардың жедел топтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың азаматтық қорғау қызметтерінің, ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағалары оқу-жаттығудың қорытындылары туралы, өңірлердің су тасқыны кезеңіне әзірлігін қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы тыңдалды.
Мәселен, жұмыс қорытындысы бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары баяндады.
«Көктем-2020» РКШОЖ барысында өткізілген іс-шаралар тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын және мемлекет азаматтарының қауіпсіздігін арттыруға қызмет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 25-26 ақпан аралығында бүкіл ел бойынша азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңде ТЖ жоюға әзірлік деңгейін арттыру мақсатында «Көктем-2020» РКШОЖ өткізілді.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі