
2022 жылдың 31 қазанында Бас прокурордың тапсырмасын орындау шеңберінде Орталық өңірлік әскери прокуратурасы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшылығынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы, 52859 әскери бөлімінің жеке құрамының қатысуымен "Заң керуені"акциясын өткізді.
Акцияны өткізудің мақсаты әскери қызметшілерге жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарды іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Кездесу барысында мәселелер көтеріліп, талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандарына осы мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі