
2022 жылғы 3 қарашада бейнеконференцбайланыс режимінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (бұдан әрі – АӨСШК) қатысушы мемлекеттерге процесті көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші қызметтерді табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы бақылау құлақтандыру бойынша бірлескен жаттығуы өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құзыретті органдармен ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмысты жүзеге асырады.
Шекаралас мемлекеттің аумағына өту қаупі бар төтенше және өзге де жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде өзара ақпараттандыру мен консультация беруді қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала міндеттер кешенін пысықтауға ерекше назар аударылады.
Осы іс-шараларды өткізудің негізгі міндеті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша АӨСШК-ге қатысушы шекаралас мемлекеттердің төтенше ведомстволарының басқару органдарының, күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіру болып табылады.
Іс-шараға Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Бангладеш Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Иран Ислам Республикасы төтенше ведомстволарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық тарапты Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының кезекші бөлімінің бастығы М.У. Исмагулов, Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшісі Р.М. Наукеев, Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшісі Д.Д. Үсенов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы А.Б. Әбдібаева таныстырды.
Бірлескен жаттығу барысында Қазақстан Республикасы ТЖМ Дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығының кезекші қызметтері мен Қырғыз Республикасы ТЖМ Дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығы арасында шекара маңындағы табиғи өрттер тақырыбында имитацияланған төтенше жағдайды пысықтау бойынша жедел-техникалық (ұйымдастырушылық) іс-шаралар кешені пысықталды, Қазақстан Республикасы ТЖМ және Қырғыз Республикасы ТЖМ басшылығы Дағдарыс жағдайларында басқару орталықтарының қызметі туралы сөз сөйледі, тиісті бейнематериалдар көрсетілді, сұрақтар мен жауаптар сессиясы өткізілді, сондай-ақ АӨСШК кеңістігінде ерте хабарлау жүйелерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу жүзеге асырылды.
ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті