Мектепке дейінгі балалар өрт сөндірушілерде қонақта

Мектепке дейінгі балалар өрт сөндірушілерде қонақта

Бүгін Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің есігі «Шабыт» балабақшасының балалары үшін ашылды. Мектеп жасына дейінгі балалар нағыз өрт сөндірушілермен танысуға және олардың қиын қызметі туралы білуге келді.

Тәрбиешілердің сүйемелдеуімен ұлдар мен қыздар алдымен мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің гаражына барды, онда бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Аязбаев Жанболат балаларды қарсы алып, өрт сөндіру машиналарын көрсетті, балалармен өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелесті және оларға «101» және «112» құтқару қызметінің телефондарын атап өтті.

Балалар өрт сөндіру машинасына, өрт сөндірушінің жауынгерлік киіміне және жылу шағылыстыратын костюмге ерекше қызығушылықпен қарады. Осыдан кейін барлық балалар өрт сөндіру машинасының фонында суретке түсіп, нағыз өрт дулығасын киіп, өрт сөндірушілерге сұрақтар қоя алды.

Азаматтық қорғау мұражайының экскурсия жетекшісі Жанна Тагисовна Нурбергенова мұражайға экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында мектеп жасына дейінгі балалар Маңғыстау облысының өрт сөндіру ісінің тарихы туралы білді. Балалар өрт атрибуттарымен танысты, нақты өрт орындарынан фотосуреттерді көріп, әртүрлі жылдардағы жауынгерлік құрал-жабдықтармен, заманауи өрт сөндірушілерді техникалық жарақтандырумен танысып білді.

Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және дағдыларын үйрету мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Өрт талаптарын білу және сақтау бала кезінен дағдыланған кезде ғана адамның мінез-құлқында бекітіледі.

 

Маңғыстау облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары

қызметінің қоғаммен байланыс тобы