
2022 жылғы 28 қазанда Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері № 8 гимназияның ұстаздарымен кездесті.
Кездесу барысында ұстаздарға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, балалардың отпен ойнауына жол берілмеуі және олардың терезеден құлау фактілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында интерактивті тақта арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша видеороликтер көрсетіліп, жадынамалар және плакаттар таратылды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі