
Өскемен қаласында күшік контейнерлердің арасына қыстырылып қалды. Үй-жайдың иесі төртаяқты «зардап шегушіні» байқап қалып құтқарушылардан көмек сұрады. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері Мыза көшесіне дереу келіп жетті. Күшік қатты қорқып қалған және қол жетімділігі қиын жерде болды. Жануарларды аулауға арналған ілмекті пайдалана отырып құтқарушы Алданбаев Наурызбай күшікті «іліп» алып, ал әріптестері жануарды қағып алды, осылайша ол қамаудан босатылды.
Жануарларға көмекке келу – ШҚО ТЖД құтқарушыларының ізгілікті міндеттерінің бірі. Қызметкерлердің айтуынша осындай құтқару операцияларына бармайтын күндер кемде кем.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі