
31 қазанда сағат 17:39-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша шықты.
6 минуттан кейін өрт сөндірушілер "Айсанам" он төрт қабатты тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында қатты түтін пайда болған үйге келіп, пәтерде 40 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар жанғанын анықтаған.
Жедел және үйлесімді іс-қимылдардың арқасында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 13 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды.
Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 20 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт сағат 18:05-те оқшауланып, 18.10-да жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі