
Қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу мәселелері туралы Юрий Ильин айтып берді
Ю. Ильин қыс мезгілінде Жетісу облысының ең проблемалы жол учаскесі туралы айтып берді
ТЖМ «2023 жылғы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау туралы» бұйрықты бекітті
Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуде ТЖ министрі Юрий Ильин қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
«Сіздің өңірде қыста қар аз, бірақ республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда қар құрсауы болады. Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» трассасындағы учаске қысқы кезеңдегі ең проблемалы учаске болып табылады. Мысалы, 2021 жылғы қысқы кезең, жүргізушінің осы автожолдағы қозғалысты жабу туралы талапты елемеуіне байланысты«Камаз» қар құрсауында қалды. Камазда екі жүргізуші болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты оларды эвакуациялау 28 сағаттан астам уақытқа созылды. Айта кету керек, жыл сайын жолдың осы учаскесінде құтқару бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 30-дан астам рет шықты, онда үш жүзге жуық адам құтқарылады және эвакуацияланады»,- деді Юрий Ильин.
Министр қардың құрсауының себебі қар ұстайтын қалқандардың болмауы екенін атап өтті. Қазіргі уақытта автожолды реконструкциялау жүргізілуде, осыған байланысты министр жүргізушілердің назарын қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігіне аударды.
Айта кетейік, Министрлік «2023 жылғы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау туралы» бұйрықты бекітті.
Өткен қысқы кезең облыста ұзындығы үш жүз шақырымнан асатын (358 шақырым, республикалық – 188 шақырым, жергілікті – 170 шақырым) 24 қар басқан учаскенің болғанын көрсетті, ал қар ұстайтын қалқандар тек 6 шақырымды ғана қамтиды.
«Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құзыретті ұйымдардан қыс мезгілі басталғанға дейін қажетті қар ұстайтын құрылғыларды орнату жөніндегі іс - шараларды аяқтауды сұраймын», - деді Юрий Ильин.
Жалпы, облыс бойынша қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасы бекітілді, атап айтқанда екі мыңнан астам адам, 500-ден астам түрлі техника, халықты эвакуациялау үшін 6 вахта және 26 жылыту пункті.
Сарқан және Алакөл аудандарының аумағында трассалық медициналық-құтқару пункттері орналасқан, олар қыста жылыту пункті ретінде де пайдаланылады.
Қыс мезгілінде адам өлімінің алдын алу мақсатында халықты СМС-хабарламалар арқылы ақпараттандыру белсенді жүргізілуде, сондай-ақ жабық жолдар туралы барлық ақпарат «ДАРМЕН» мобильдік қосымшасында орналастырылады.
Көбінесе халықтың ауа-райының нашарлауы, жылдамдық режимі, көлік құралдарының істен шығуы туралы SMS-хабарламаларды елемеуі жүргізушілердің ғана емес, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Осыған байланысты, Юрий Ильин халыққа «ДАРМЕН» мобильді қосымшасын белсенді пайдалану қажеттігі туралы үндеу жолдады, сондай-ақ жүргізушілердің назарын автожолдарда сақтық шараларын сақтау қажеттігіне аударуға шақырды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі