ҚР ТЖ министрі газ баллондарын сақтау қаупі туралы айтты

ҚР ТЖ министрі газ баллондарын сақтау қаупі туралы айтты

Жетісу облысында халықпен кездесу барысында ТЖ министрі Юрий Ильин газ баллондарын сақтау қаупі мәселелеріне тоқталды.

2014 жылдан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды бақылау әкімдіктерге жүктелгенін атап өту қажет («Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 7-бабының 5) тармағы).

«Көбінесе газ баллондарын бір пәтерде дұрыс пайдаланбау және сақтау бүкіл кіреберістің адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты, газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелері бойынша тұтынушылармен-азаматтармен де, газ толтыру станцияларының иелерімен де қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа тек жарамды газ жабдығын пайдалану қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар екі қабаттан асатын көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады», - деп Юрий Ильин хабарлады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі