
2022 жылғы 21 қазанда «Қазавиақұтқару» АҚ-да Құтқарушылар күніне арналған тимбилдинг өтті.
Іс-шараға барлық қызметкерлер, оның ішінде оңтүстік және батыс аймақтық филиалдарының өкілдері, отбасы мүшелері, балалары мен немерелері қатысты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ұжымның ұйымшылдығын, үйлесімдікте өзара іс-қимыл жасау қабілетін арттыру.
Барлық жеке құрам 9 командаға бөлінді, әрқайсысы 14 адамнан тұрды. Онда әр команданың өз атауы, ұраны, эмблемасы болды. Конкурстар жеделдікке, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалардан тұрды. Бәсекелестік рухы, ерекшеленуге деген ұмтылыс командаларды тапқырлыққа итермеледі. Әр команда әр конкурста ерекшелене білді.
«Менің әкем құтқарушы» балалар байқауы 3 бағыттан тұрды, онда әр түрлі жастағы балалар қатысты: сурет байқауы, эссе байқауы, музыкалық байқау. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша сыйлықтар мен жүлделі орындар берілді. Балалар байқауына әр өңірден барлығы 40-тан астам бала қатысты.
«Қазавиақұтқару» АҚ