2022 жылғы 21 қазанда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысы ТЖД бастығының қатысуымен азаматтарды кезекті онлайн қабылдауды өткізді.
Азаматтар түрлі проблемалық сұрақтарымен, ұсыныстарымен жүгінді, сондай-ақ алғыстарын білдірді.
Мәселен, бір азамат өзінің өтінішін әділ қарап, азаматтық қорғау органдарына қайта қабылданғаны үшін алғысын білдірді.
Қабылдау соңында барлық өтініштер бойынша министр ТЖМ жауапты қызметкерлеріне және Қарағанды облысы ТЖД бастығына егжей-тегжейлі түсіндірмелер, сондай-ақ тиісті тапсырмалар берді және азаматтардың бірде-бір өтініші жауапсыз қалмайтынына назар аударды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі