
АЙТЫЛДЫ:
«Халықты құлақтандыру жүйесі арқылы уақтылы хабардар ету қажеттігіне назар аудара отырып, ТЖ министрлігіне қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырамын».
ОРЫНДАЛДЫ:
✅ Ұялы байланыс операторлары арқылы дауылды ескертулер, жас жолдардың жабылуы және сабақтардың тоқтатылуы жөнінде хабарламалар жіберілді: 4 084 SMS-хабарлама, 5 305 хабарлама «Дармен» қосымшасы арқылы таратылды;
✅ Жыл басынан бері 112 шұғыл нөміріне 4 901 489 қоңырау түскен. Оның ішінде жедел ден қоюды талап ететін ТЖМ желісі бойынша өрт, су тасқыны, қар кептелісі, төтенше жағдайға тап болған адамдардан 461 701 қоңырау түсті;
✅ «101» пульті - өрт сөндіру қызметінің телефонына табиғи, техногендік және тұрмыстық өрт бойынша 412 329 қоңырау түсті;
✅ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2022 жылға арналған төтенше жағдайлар туралы өзара құлақтандыруының аясында 6 төтенше ведомствоға: Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан және Тәжікстан Республикаларына құлақтандыру жүргізілді.