Басқаларды құтқару үшін өздеріне қауіп төндіреді

Басқаларды құтқару үшін өздеріне қауіп төндіреді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласындағы Достық үйінде Құтқарушылар күніне және азаматтық қорғау органдарының 27 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шара Маңғыстау облысы әкімінің, азаматтық қорғау органының ардагерлерінің, Мемлекеттік органдар басшылары, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және Апат медицина орталығы қызметкерлері, сонымен қатар Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлерінің қатысуымен өтті. 

Жаңа өрт техникасы және авариялық –құтқару жабдықтары көрсетілімге қойылды.

 Іс –шара шеңберінде облыс әкімінің алғыс хаттарымен  3 ардагер және 12 қызметкер марапатталды.

Департамен бастығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі  Ю.В. Ильина бұйрығына сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, жұмыста жоғары нәтижелі жетістіктерге жеткені үшін, азаматтық қорғау жүйесінде және азаматтық қорғау органдарының 27 жылдығына арналған медалдармен төс белгілермен 5 қызметкер марапатталды, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарымен 4 қызметкер, сондай-ақ, Департамент бастығы М. С. Мұхановтың бұйлығымен 8 қызметкері ағыс хаттармен  марапатталды.

Сонымен қатар іс-шара қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі