
Қазақстан Республикасының Құтқарушы күнін мерекелеу құрметіне Шығыс Қазақстан облысының «№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары 6-7 сынып оқушылары арасында «Біздің заманымыздың батырлары –құтқарушылар» тақырыбында сурет байқауын өткізді.
Байқаудың міндеті - өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегін балалардың көзімен көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Байқауға қала мектептері мен «Алтын дән» балабақшасынан 71 дана сурет жұмыстары ұсынылды.
Қазылар алқасының шешімімен гран-приді № 16 мектептің 7 «А» сынып оқушыларының ұжымдық жұмысы; бірінші орынды № 26, 29 және 37 мектеп оқушылары; екінші орынды № 39, 19, 10 мектептерінің жұмыстары; үшінші орынды №1 және № 42 мектеп оқушыларының жұмыстары иеленді.т «Алтын дән» балабақшасының балалары мен педагогтарына ерекше алғыс білдіреміз.
Ең үздік жұмыстар құтқарушылар профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде пайдаланатын халық үшін жадынамалар жасау жобалары болады.
Байқау жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі