Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет.
2022 жылғы 27-28 қазанда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жетісу облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр Жетісу облысының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.
Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), sht_dchs_zhetisu@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 26 қазанға дейін қабалданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет («2022 жылғы 28 қазандағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).