Құрметті БАҚ өкілдері мен блогерлер!
2022 жылғы 21 қазанда сағат 16:00 – де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті базасында Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау кафедрасының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов, Ұлттық университет басшылығы мен ТЖМ, ҚМ қызметкерлері қатысады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне
87789253889, 87027229792 телефондары
сондай-ақ, эл пошта: ps@emer.kz поштасы арқылы
хабарлассаңыздар болады