Қазақстанда Құтқарушы күнін мерекелеуде

Қазақстанда Құтқарушы күнін мерекелеуде

2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні Бейбітшілік және келісім сарайында мерекелік концерт өтті.

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ашып, құтқарушыларды азаматтық қорғау органдарының 27 жылдығымен құттықтады.

«27 жыл ішінде төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға бір жарым миллионнан астам сапар жасалды. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ түрлі аймақтарынан 365 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 65 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылардың батылдығын, қызметтік борышына адалдығын қоғам бағалайды. Құтқарылғандардың қуанышы мен ризашылығының көз жасы құтқаршылар үшін  ең үлкен марапат. Шын жүректен құтқарушыларға зор денсаулық, амандық, қиын қызметте жаңа табыстар тілеймін»,- деп атап өтті министр.

Іс-шараның құрметті қонақтары ТЖМ ардагерлері Владимир Божко, Мұхамбет Көпеев, Нұрахмет Бижанов  болды.

Азаматтық қорғау органдарында шамамен 26 000 қызметкер қызмет атқарады.

Кәсіби мерекеде лайықты марапатқа 313 құтқарушы ие болды. Құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді.

2022 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелерімен өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 48 710 шығу жүзеге асырылды, 8 640 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 6 858 адам эвакуацияланды, 3 183 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Дәстүр бойынша кеш отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен жалғасты.

Мерекелік іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті.  

 

ТЖМ баспасөз қызметі