Қарағанды облысының Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстары өткізілді

Қарағанды облысының Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстары өткізілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы-сүңгуірлерін даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында 2022 жылғы 10-20 қазан аралығында Қарағанды облысының Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Оқытуды Шымкент, Ұлытау және Қызылорда облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің сүңгуірлерді даярлау жөніндегі тәжірибелі нұсқаушылары жүргізді, олар дайындық барысында Министрліктің құтқарушылары мен әскери қызметшілерін гидродинамикалық құралдарды қолдана отырып, суасты-техникалық жұмыстардың, заттарды іздеу мен көтерудің, акваторияны сүңгуірлік тексерудің, су астындағы балташылық, слесарлық, монтаждау жұмыстарының, гидротехникалық құрылыстарды тексеру мен жөндеудің, сыртқы ауаның теріс температурасында, қауіпті жануарлар мекендейтін жерлерде ерекше жағдайлардағы құрылыстардың, сүңгуірлік түсулердің негіздеріне үйретті.

Оқыту нәтижелері бойынша 10 құтқарушыға және 3 әскери қызметшіге курстан өткені туралы сертификаттар, «Мамандандыру І-ІІ тобының сүңгуірі» біліктілігі берілді, ол кейіннен су асты-техникалық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, бүгінгі күні Төтенше жағдайлар Министрлігінің 60-ден астам құтқарушысы «Мамандандыру тобының І-ІІ сүңгуірі» біліктілігіне ие.

 

 

 

Төтенше жағдайларды жою департаменті