Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу жөніндегі кеңес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу жөніндегі кеңес

Сыбайлас жемқорлық мәселесі қазіргі заманғы әлеуметтік дамудың маңызды факторларының бірі болып табылады, ал оған қарсы іс — қимыл-мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі азаматтардың бірлескен міндеті.

Сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл шаралардың кешенді жүйесі негізінде ғана мүмкін болады.

Мәселен, 2022 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4  үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде үш жақты жұмыс кеңесі өткізілді, оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қызметкерлері қатысты.

Аталған кеңестің мақсаты Академия қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың озық әдістеріне оқыту, оқу бағдарламаларын және Академияның білім беру процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің бейімделген жүйесін әзірлеу мәселелерін қарастыру болды.

Оқытудың жаңа нысандарын енгізу азаматтық қорғау органдарының қызметкері ретінде тұлғаны қалыптастыру кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас жұмысты біліктілікті арттыру, қайта даярлау және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру курстары шеңберінде жүргізу жоспарлануда.

Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша одан әрі жемісті және сындарлы ведомствоаралық ынтымақтастық, құқық қорғау органдары академиясында Академия қызметкерлерін тәжірибе алмасу және оқыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.