68303 әскери бөліміндегі қорытынды тексеріс

68303  әскери бөліміндегі қорытынды тексеріс

Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды. Қорытынды тексерудің мақсаты әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ күнделікті және оқу қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс нысандарын, әдістерін жетілдіруге практикалық көмек көрсету болып табылады.

Тексеру барысында жеке құрамның білім деңгейі, бөлімшелердің үйлесімділігі, жауынгерлік әзірліктің жай-күйі айқындалатын болады. Тәрбие жұмысының, құқықтық тәртіптің, әскери тәртіптің және әскери қызметтің қауіпсіздігінің жай-күйі зерделенетін болады. Әскери қызметшілер құтқару, арнайы, саптық, физикалық, химиялық және биологиялық қорғауды, әскери топографияны және дайындықтың басқа да түрлерін қамтитын жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша сынақтарды тапсырады. Қорытынды тексеру нәтижелері бойынша әрбір әскери қызметші жеке бағаланатын болады. Әскери бөлім де бағаланатын болады.

68303 әскери бөлімі