
ТЖ министрі Юрий Ильин 2022 жылдың 9 айында ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығы қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өткізді.
Атқарылған жұмыстар туралы ДЖБО бастығы азаматтық қорғау полковнигі Айбол Ақпаров баяндама жасады.
ДЖБО - азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруды, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын ТЖМ құрылымдық бөлімшесі.
ДЖБО және ТЖМ аумақтық бөлімшелері тәулік бойы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіптері немесе туындауы туралы ақпаратты қабылдайды және өңдейді.
А. Ақпаров ірі және резонанстық ТЖ туындаған және жойылған кезде ТЖМ ахуалдық залы базасында ОКЖ кезекші бөлімі ТЖ жою жөніндегі республикалық штабтардың жұмысын уақтылы ұйымдастырғанын атап өтті.
«Өрт қауіпті кезеңде ДЖБО Абай, ШҚО, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарындағы табиғи өрттерді жою жөніндегі республикалық жедел штабтың жұмысын тікелей үйлестіргенін атап өткен жөн», - деді А.Ақпаров.
Сонымен қатар, ДЖБО өрт қауіпті кезеңінде ТЖ жою жөніндегі аумақтық штабтармен бейнеконференцбайланыс қамтамасыз етілді, Қостанай облысындағы ТЖ орнынан тікелей онлайн режимде бейнетрансляция ұйымдастырылды.
ДЖБО -да хабарламаларды қабылдау және өңдеу жүйесі жаңғыртылды және қазіргі заманауи деңгейге шығарылды, оның ішінде табиғи сипаттағы ТЖ туралы аумақтық органдардан ақпаратты жедел қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа жергілікті желі енгізілді.
Өрт қауіпті кезеңдегі ғарыштық мониторинг деректері арқылы ДЖБО жылу нүктелерінің мониторингін жүзеге асырады, өрт қауіпті кезеңде – республика аумағындағы қар жамылғысының күйі.
Халықты ықтимал ТЖ туралы уақтылы хабардар ету мақсатында тұрақты негізде халыққа СМС-хабарламаларды алдын ала тарату бойынша жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ «Қазгидромет» арқылы ақпараттандыру және өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескертулер, жас жолдардың жабылуы және сабақтардың тоқтатылуы жөнінде хабарламалар жіберілді: 4 084 SMS-хабарлама, 5 305 хабарлама «Дармен» қосымшасы арқылы таратылды.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлар туралы өзара хабарлауын бақылау тексерістерінің 2022 жылға арналған жоспар-кестесі аясында 6 төтенше ведомствоға: Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан және Тәжікстан Республикаларына хабарландыру жүргізілді.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы орталықтарының жедел-кезекші қызметтері арасында трансшекаралық өзендердегі ықтимал ТЖ туралы байланыс арналары арқылы жедел хабарлау бойынша 3 жаттығу өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша министр ДЖБО қызметінің басым бағыттарын айқындады, олардың ішінде: ТЖ алдын алудың заманауи ақпараттық технологиялары мен құралдарын одан әрі дамыту, ТЖ салдарының алдын алу және жою саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, алдын алуды және шұғыл ден қоюды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жетілдіру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру. Мұның бәрі күнделікті басқару органдарының дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүруі үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ете отырып, ТЖ-ға әрекет ету мәселелерінен сапалы өзге деңгейде өтуге мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі