Пешті пайдалану ережелерін бұзу өлімге әкеп соққан улы газдан уланудың себебі болды

Пешті пайдалану ережелерін бұзу өлімге әкеп соққан улы газдан уланудың себебі болды

Бір апта ішінде республика аумағында жылыту пешінің ақаулығы салдарынан 13 адам улы газдан уланып, оның біреуі қаза тапты.

Мәселен, Абай облысы Бородулиха ауданы Ивановка ауылында көмір пешімен жылытуды пайдалану ережелерін бұзу салдарынан уланып, 1989 жылы туған үй иесі және оның 2009, 2011, 2013, 2015 және 2020 жылдары туған 5 баласы ауруханаға жатқызылды.

Қостанай облысында улы газдан уланудың 1 жағдайы тіркелді. Приозерное ауылында 90 ш.м. алаңдағы жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан улы газдан уланған 1954 жылы туған пәтерді жалға алушы ауруханаға жатқызылды.

Атырау облысында улы газдан уланудың үшінші жағдайы орын алды. Жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғаны үшін газ шығып, 6 адам, оның ішінде 1986 жылы туған үй иесі, оның 2001 жылы туған, 2005 жылы туған, 2012 жылы туған, 2019 жылы туған балалары, сондай-ақ 1933 жылы туған үй иесінің анасы ауруханаға жатқызылды, нәтижесінде ол табиғи газдан улану себебінен қайтыс болды.

Тұрғын үйлерде улы газдың себебінен адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында ТЖМ азаматтарға пешпен жылытуды ретке келтірумен қатар оны пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынады:

- мұржаны міндетті түрде кем дегенде 3 айда бір рет, ал тартылыс нашарлаған кезде жедел түрде тазалау қажет;

- пеш жапқыштың жағдайына назар аударыңыз, өйткені түтін каналының жабылып қалуы улы газдан улануға әкеп соғуы мүмкін;

- пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе оны балаларға сеніп тапсырмаңыз;

- пештің үстінде және оған жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді;

- пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі