
2022 жылғы 12 қазанда Ұлытау облысы өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қабырғасында Министрдің кеңесшісі генерал М.Қ Ысқақовтың төрағалығымен Ұлытау облысы ТЖД "Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы" қоғамдық бірлестігі филиалының қоры құрылды. Ардагерлердің жалпы дауыс беруі арқылы қордың өкілі болып Зейнғапден Аппазұлы Жалмұханов тағайындалды.
Ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны, азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерін Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені және Құтқарушылар күнін мерекелеуге байланысты генерал лейтенант М. Ысқақов ардагерлерді "Ардагер"медальдарымен марапаттады.
ҚР ТЖМ эмблемасын Мейрам Қабденұлы Ұлытау облысы ТЖД бастығы полковник Е. А. Байыровқа және Ұлытау облысы БПБ бастығы Б. Е. Жұмабаевқа табыс етті.