
13 қазанда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Айым» балабақшасындағы бүлдіршіндерге келді.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару құралдарын көрсетіп, балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы айтып берді. Балаларға сіріңкемен немесе суда ойнау неге әкелетінін ойын түрінде түсіндірді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде міндетті түрде хабарласатын 101, 112 жедел қызмет нөмірлері туралы еске салды.
Кішкентай ұлдар мен қыздар қонақтарды мұқият тыңдап, қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздері де түрлі сұрақтар қойды.
Дәл осы жаста балалар жаңа ережелерді жақсы меңгереді және ойнай отырып, барлық тапсырмаларды орындауға тырысады. Әңгімелесу барысында балалар қандай ережелерді білетіндерін айтты.
Балалардың шынайы қуанышы мен қызығуы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күлкісін тудырды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар балалардың алған білімдері қиындыққа ұшыратпауға көмектеседі деп үміттенеді.
Нағыз өрт сөндірушілер мен құтқарушылармен танысқан көптеген ұлдар болашақта құтқарушы деген асыл мамандықтың қатарына қосылуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Еске салайық, 19 қазанда Қазақстан Республикасында Құтқарушылар күні тойланады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі