Ағаштың басында төрт күн бойы отырған «мұртты тұтқынға» құтқарушылар көмекке келді

Ағаштың басында төрт күн бойы отырған «мұртты тұтқынға» құтқарушылар көмекке келді

Өскеменде Назарбаев даңғылындағы үйлердің тұрғындары мияулап отырған мысықты 4 күн бұрын байқаған. Мысық биік ағаштың басына шығып алып, түсе алмаған екен. ШҚО ТЖД құтқарушыларына көмек сұрап 14 қазанда хабар келді. Оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлеріне жануарға жетуі үшін автосаты қажет болды. Сатыны 5 қабатқа орнатып, құтқарушылар «мұртты тұтқынды» түсіріп алды. Мысық қатты қорқып ашығып қалған екен. Оның жағдайын көріп, жаны ашыған тұрғындардың бірі оны асырап алды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД баспсөз қызметі